2017 жылдың12қаңтары –Бүгін Алматыда, «Алау Эстафетасы» кеңсесінде Қысқы универсиаданың «Алау сақтаушыларына» арналған оқу семинары өткізілді.
Техникалық мамандардан құралған арнайы топқа Универсиада алауымен газ баллондардықалай қолдану керектігі үйретілді.
Сонымен қатар, топ мүшелері осы семинар барысында алау сақтайтын колбаны ұшақпен қауіпсіз тасымалдау жолдарының техникалық аспектілерімен Дэви шамының ерекшеліктерімен танысып, төтенше оқиғалар кезінде қандай қадамдар жасау керек екенін үйренді.
– Шынымды айтсам, «Алау сақтаушылары» қатарына қосыламын деп ойлаған жоқпын. Маған ұсыныс келген кезде мен бірден қабыл алдым, себебі Алау сақтаушыларының қатарында жүру мен үшін үлкен мәртебе. Универсиадаға қатысатын спортшылардан жақсы нәтижелер күтемін. Мен өзім қысқы ойындардын ішінен тұғырдан секіру спорт түрін қатты ұнатамын, бірақ әрине барлық қазақстандықтарды қолдайтын боламын, – деп семинарға қатысушылардың бірі Александра Романова өз ойымен бөлісті.
Универсиада «Алау сақтаушылары» – арнайы іріктеуден және дайындықтан өткен, эстафета кезінде Универсиада алауын тасымалдап, онымен ілесе жүретін топ. Өткізілген семинарға 15 кәсіби жеңіл атлетика спортшылары қатысты, олардың әрқайсысы алау эстафетасын өткізу үшін Қазақстанның түрлі аймақтарына жіберіледі. Олардын қатарында Сергей Тулапин, Артем Косинов, Элина Михина, Андрей Соколов, Рустем Алмагамбетов, Максат Арыстанов, Максим Мжельский, Анастасия Тулапина, Александра Романова, Айтжан Байсбаев, Серик Бекенов, Эльнор Мухитдинов, Марлен Сабитов, Екатерина Ермак және Чингиз Утепбергенов сынды спортышлар бар. Сонымен қатар «Алау сақтаушылар» тобына спортпен шұғылданатын әр түрлі университеттердің студенттері кірді.
Әрбір облыс орталығы, Астана және Алматы қалалары аймақтағы ең ірі жоғарғы оқу орнында Алауды тұтатуға арналған өз салтанатын өткізетіні белгілі. Өңірдің ең үздік студенті алауды Алматыға жеткізіп, Универсиаданың ашылу салтанатының шарықтау сәтінде 16 облыстан әкелінген алаудың барлығы бір уақытта біріктірілетін болады.
Анықтама: 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамлиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада өткізілетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдік еріктілер атсалысады.Студенттер арасындағы спорт ойындарына 30 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 млрд. адам теледидар арқылы тамашаламақ.
Байланыс телефондары: Тұрысбеков Еламан +7 (747) 628-92-32