25.01.2017

Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада алауын жағу рәсіміне қатысты

Церемония зажжения огня 28-й Всемирной зимней Универсиады-2017 в Астана

Мемлекет басшысы Универсиада еліміздің тәуелсіздігі тарихында халықтың бірлігін нығайтуға ықпал ететін спорт саласындағы ең ірі оқиға болып саналатынын айтты.

– Атқарылған жұмыстардың бәрін жастар үшін жасадық. Универсиаданың әлеуметтік инфрақұрылымы, спорт нысандары бізге ұзақ жыл бойы қызмет ететін болады, – деді Қазақстан Президенті.

Церемония зажжения огня 28-й Всемирной зимней Универсиады-2017 в Аста

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ұлттық құрамасына қазақстандықтардың қолдау көрсететіне, сондай-ақ 2017 жылғы универсиада шын мәнінде бүкілхалықтық мерекеге айналатынына сенім білдірді.

Соңында Елбасы спортшыларға алдағы жарыстарда табыс және жарқын жеңістер тіледі.

Церемония зажжения огня 28-й Всемирной зимней Универсиады-2017 в Астана


akorda.kz