26.01.2017

Қарағанды қаласында Эстафета Алауы жағылды

Металлурги Темиртау зажгли Огонь УниверсиадыЕлбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Назарбаев Университетінде 28-ші Бүкіләлемдік Универсиада алауын жағу рәсімі басталды.

Бұл үрдіс Қазақстанның басқа облыстарында да жалғасын тапты. Эстафета Алауын жағатын қалалардың қатарында ҚР Тұңғыш Президенті еңбек жолын бастаған Қарағанды мен Теміртау қалалары да бар.Металлурги Темиртау зажгли Огонь Универсиады

Арқа төсіндегі Алауды алып жүрудің жалпы қашықтығы 12 шақырымды ( 3 шақырым Теміртау қаласы бойынша, 9 шақырым Қарағанды қаласы бойынша) құрады. Оған 60 алау алып жүруші және 125 ерікті-студенттер жасағы және 10 мыңға жуық Қарағанды мен Теміртау қаласының студенттері қатысты.Металлурги Темиртау зажгли Огонь Универсиады

Эстафета алауы Қарағанды металлургиялық комбинатының №2 домна пешінде жас болат балқытушылар мен университет студенттерінің қатысуымен салтанатты түрде жағылды. Домна пешінен ағып шыққан шойын жалынынан Президент жақтасы Омашев Қуаныш Омашұлы алауды тұтатып, Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінің студентіне табыстады. Бұл рәсімнің барлығы тікелей эфир арқылы ҚМИУ алдына орнатылған үлкен экраннан көрсетілді.

Университет алаңында өткен салтанатты жиынға Президент жақтастары, Теміртау қаласының әкімі және университет ректоры қатысты. Алау домна пешінен осы араға әкелінді. Қала тұрғындарының қатысуымен өткен митингіден кейін Эстафета Алауы металлургтер қаласының басты көшелерімен алып өтілді.Металлурги Темиртау зажгли Огонь Универсиады

Дәл осы кезеңде, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің тау-кен ісі факультетінің студенттері шахтаға түсіп көмір алды және оны «Қарағанды – Арена» Мұз сарайындағы Универсиада Эстафетасы Алауының басты шарасына әкелді.Металлурги Темиртау зажгли Огонь Универсиады

«Шахтер» стадионы алаңында өткен салтанатты рәсімде Теміртау қаласының әкімі бастаған металлургтер Эстафета Алауын кеншілердің қолына табыстады. Эстафета алауын ұстаған жас спортшылар мен белсенді студенттер тобы Бұқар Жырау даңғылының бойымен Ленин көшесіндегі Гагарин алаңы арқылы Бұқар Жырау даңғылының бойындағы «Сүйінші» монументіне қарай бағыт алды.Металлурги Темиртау зажгли Огонь Универсиады

12 шақырымға созылған Эстафета Алауы «Қарағанды-Арена» Мұз сарайында қорытындыланды. ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі, жеңіл атлетикадан ҚР спорт шебері Александр Киселоев Эстафета Алауын Қарағанды экономикалық университетінің студенті, Орталық Азия және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Варвара Лисичинкоға табыстады. Варвара Лисичинко Алауды спорт шебері, Рио-де-Жанейро олимпиадасының қатысушысы Абылайхан Жүсіповке табыстады. 28-ші Бүкіләлемдік Универсиада алауын аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков қабылдап алып, Мұз сарайының төріне орнатылған Универсиада Эстафетасы Алауының бас шарасын жақты. Осылайша қарағандылық кеншілер өндірген көмір мен теміртаулық металлургтердің жалыны біріктірілді. Салтанатты шара Омск қаласынан келген Мұзды балет мерекелік шоуымен аяқталды.Металлурги Темиртау зажгли Огонь Универсиады

Эстафета Алауының техникалық делегаттары мен Абылайхан Жүсіпов алауды «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағымен Алматы қаласына алып кетті.Металлурги Темиртау зажгли Огонь Универсиады


https://almaty2017.com