29.01.2017

FISU президенті Олег Матыцин: Алматының қонақжайлығына рахмет айтамын.

FISU президенті Олег Матыцин: Алматының қонақжайлығына рахмет айтамын.Халықаралық студентер федерациясының президенті Универсиада-2017 эстафета алауына қатысты.

Эстафета Алауының соңғы кезеңінде алаумен жүгірген  Олег Матицынға алматылықтар  қол шапалақтап алғысын жаудырды.Fisu президенті басқышпен салтана тты түрде көтеріліп жылы лебізін білдірді:

–  Қайырлы күн, Алматы қонақжай қалыптарыңызға үлкен алғыс айтқым келеді.Осы жа рысқа келген мыңдаған студентерге спортық жанұя болуды сезіндіргендеріңіз үшін рахмет айтамын.Мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қала әкімі Бауыржан Байбекке адамдарды біріктірген көпжылдық еңбегі үшін рахмет айтқым келеді.Бұл алауды біздің спорттық отбасымызға өмір нәрін әкелген жалын деп білеміз.

–  Алаумен өз кезеңіңізді жүгіріп қандай көңіл-күйде болдыңыз?

Өзімді осы мерекенің бір бөлшегі ретінде сезінемін.Болашағымыз жастар мен балалар үшін ортақ жұмысты атқарып жатырмыз.Мен өзімді осы үлкен команданың мүшесі ретінде сезінемін.Бүгін үлкен спорттық шараны көруге мыңдаған Алматылықтар келді.Мен Алматы мен Қазақстанның келешегіне сенемін.Бүгін өтіп жатқан оқиғалар келешек ұрпаққа мұра болып қалады.

Өзіңнің 100 метріңді жүгіріп өткенде қуанышты сезімде болдым.Үлкен жолға қадам бастық.Осы мерекеге қатысушылардың барлығы осы жобаның өміршеңдігі үшін атсалысуда.Бұл спорттық мейрам қазақстандықтардың ұзақ жылдар бойы есінде қалады.


https://almaty2017.com