28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарына Қазақстанның елордасы Астана қаласында қызу дайындық жүруде. Қалалық әкімшілік келе жатқан қысқы ойындарын ұмытылмастай қылып өткізу үшін бірнеше іс-шаралар дайындауда.
Алау Эстафетасы Назарбаев Университетінен бастау алып, қалалық әкімшілік алдындағы алаңда аяқталады деп жоспарлануда.
Бұл Алау Эстафетасы екі кезеңге бөлініп, Астананың басты көшелерімен жүріп өтпек. 60 алаугерлердің қатарында спортшы, студент және танымал тұлғалар қашықтығы 12 шақырымды құрайтын жолды артқа тастап, келесі көшелермен жүріп өтпек: Қабанбай батыр, Достық, Қонаев, Қабанбай батыр, Бараева, Республика және Кенесары.
Осы шара барысында 1500-ге жуық жергілікті ІІД қызметкерлері қаланың қауіпсіздігін қадағалайтын болады.
«Қаланың ішінде көлік кептелісі болмау үшін және көлік жүргізушілерге қолайсыздық танытпау үшін Алаугерлердің жолын кезең кезеңмен бөлдік. Бұл еліміздің, қаламыздың және саясатымыздың беделін арттыратын өте ауқымды іс шара болмақ», – деп Астана қаласының Дене шыныққтыру және спорт басшысының орынбасары Самат Кабдулин хабарлады.
Бірінші кезең аяқталғаннан кейін Байтерек монументінің алаңында концерттік іс-шара ұйымдастырылады. Ал Эстафетаның екінші кезеңінде алау республикалық әуерейіс штабынын өкілдеріне тапсырылып, Алматыға қысқы студенттік ойындарының салтанатты ашылуына жеткізіледі.
Алматыда жалауы желбірейтін қысқы Универсиада ойындарына әлемнің 60-тан астам мемлекетінен 2600-ға жуық спортшы қатысады. Олар спорттың 12 түрінен сайысқа түсіп 86 медаль жиынтығын сарапқа салмақ. Астананың атынан үздік споршылар келесі спорт түрінен жарысқа шығады: шорт-трек, шаңғы жарысы және хоккей.