28.01.2017

2017 жылғы Универсиада туралы нені білген дұрыс

Руководитель отдела эстафеты огня Универсиады-2017 Кирилл Пяртель«Алматыдағы 2017 жылғы бүкіләлемдік 28-ші Универсиаданың дайындық пен атқару дирекциясының» бөлім басшысы Кирилл Пяртель ресми сайтқа эстафетаны өткізудің ерекшеліктері туралы айтып берді.

– Әр өңірдегі ұйымдастырушыларға ерік беріліп, қай жолмен жүретіндерін, алауды қалай жағатындарын әрқайсысы өзі шешті.  Әр қалада алауды әтүрлі жақты. Мысалы қарағандылықтар металлугия комбинатының отын пайдаланса, батыста оны мұнай мұнарасынан тұтатыпты. Әр облыс оған өзінше жаңалық енгізуге тырысты.

– Универсиаданың басты қаласында алау қалай жаылатынын айтып өтсеңіз..

– Алматыда ғылымның жеті түрін меңзейтін жеті элемент көрсетіледі. Жоғарғы оқу орындарының әрқайсысынан жеті студент шығып, осы жеті элементті бейнелейді. Салтанатты шара басталғанда олар осыларды біріктіріп, универсиаданың алауын жағатын болады.

– Эстафетаны ұйымдастырған сіздерге қандай міндет жүктелді?

– Қазіргі жағдайды ескере отырып, бізге ешқандай фанатизмге бой алдырмай, эстафетаны барынша байыпты түрде өткізу міндеті жүктелді.  Сочидегі оимпиада алауы кезінде шырақұстаушының әрқайсысының қолында өз шырағы болған болса, біз оның көлемін азайтып тастадық. Шырақұстаушылардың да 70 пайызын ғылым, мәдениет пен спорт саласында үздік атанған студенттерден жасақтадық.   Қалғаны шоу бизнес пен белгілі өнер қайраткерлерінен құрады. Қазақстандағы барлық өңірді қамтуға тырыстық.  2017 жылғы Универсиада Алматыда қолға алынса , бұған дейінгі Азия ойындары Астанада өткенін білеміз. Жобаны бекітер кезде біз оның ауқымын Алматыдан бүкіл республиканың  көлеміне дейін кеңейтуды ойластырдық.

– 2017 жылғы Универсиаданың алауы қанша жол жүріп өтті?

–  22 мыңдай шақырымды ұшақпен, 200 шақырымды шырақұстаушылар жаяу жүгіріп өтті. Судан жүзіп өткен, алауды ит жеккен шанамен алып өткен жерлер де көп болды. Енді бұндай оқиғаның қашан қайталатынын білмеймін, бірақ осы жолы шырақ ұстаған мың адамның есімі тарихта қалған анық..

– 16 алауды қалай біріктіресіздер?

– Универсиада алауы жағылған сауыттарды Алматыға жеткізгеннен кейін атлетер ауылындағы уақытша сақтайтын жерге әкеліп қоямыз. Ал қаңтардың 29 күні қазақстандық студенттердің бірлігін көрсететін 16 шырақ ұстаған адам Универсиаданың алауын салтанатты түрде жағады.


https://almaty2017.com