Тараз қаласы «Көне Тараз» археологиялық мұражайы алдында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада алауының эстафетасы өтті.
Алау оты «Көне тараз» археологиялық саябағында орналасқан. Эстафета алауын жағу үшін «Қазақстан барысы» және «Еуразия барысының» бірнеше дүркін жеңімпазы Б.Ыстыбаев облыс әкімі Кәрім Көкрекбаевқа табыс етті. Эстафетаның бірінші этапы Тұңғыш Президент саябағында аяқталып, алауды ұстаушылардың екінші кезеңіндегілер Қазақ хандығының 550 жылдығы монументі мен «Тараз-Арена »спорт сарайына дейін жалғастырды.
Қазақ күресінен Әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Д. Пахрединов алауды Алматы қаласына жеткізіп, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ашылу салтанатына қатысады.
Универсиада алауының Жамбыл өңірлік эстафетасының салтанатына Олимпиада жүлдегерлері А.Таңатров және Е.Сметов, «Қазақстан барысы» және «Еуразия барысының» бірнеше дүркін жеңімпазы Б.Ыстыбаев, армрестлинг бойынша әлем чемпионы Д.Трубин және басқалар қатысты. Олар алауды ұстау құрметіне ие болды.
Универсиада алауының өңірлік шырағын «Қазақстан барысы» және «Еуразия барысының» бірнеше дүркін жеңімпазы Б.Ыстыбаев тұтатты. Алғашқы алау эстафетасын облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев алып жүгіріп өтті. Универсиада алауының өңірлік эстафетасына Жамбыл облысындағы ең үздік спортшы студенттер, шығармашылықта, кәсіпкерлікте табысқа жеткен жастар—барлығы 60 адам қатысып, олар алауды 12 шақырымға жүгіріп, алып өтті.