Олимпиада ойындарының қаһармандары Д.Баландин және Д.Шәкімова Универсиада елшісі атанды
1 қыркүйектен бастап, Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алауын ұстаушыларды іріктеу басталады. Алау ұстаушылар Қазақстанның студенттері арасынан таңдалады.
2017 жылғы Универсиаданың алауын ұстаушылардың арасында Олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерлері де бар. Атап айтсақ, 2016 жылғы Рио-Де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин мен Рио-Де-Жанейро Олимпиадасыныңқола жүлдегері Дариға Шәкімова бар. Олар бірінші болып, алауды ұстап шығады.
Бұдан бөлек, Дирекция кеңсесінде Дмитрий Баландин мен Дариға Шәкімоваға 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың елшілері екенін растайтын сертификаттар берілді.
Универсиада дирекциясының хабарлауынша, алауды алып жүретіндер тек олимпиадашылар ғана емес, негізгі басымдық ЖОО-ның студенттеріне беріледі. Алау ұстаушы атану үшін 17-28 жас аралығындағы ең үздік студенттер таңдалынады. Басымдық спорт, ғылым және мәдениет саласында өзін көрсеткен студенттерге беріледі. Және олардың арасынан 1000 адам іріктеледі.
Кез-келген ниет танытқан азамат almaty2017.com сайтына кіріп, сондағы анкетаны толтыра алады. Байқаудың қорытындысы 2016 жылдың 16 желтоқсанында шығады.
Айта кету керек, шырақ – Эстафета алауының ең басты атрибуттарының бірі.
Эстафета Алауы кезінде сапалы, жеңіл шырақтар қолданылады. Шырақ, Халықаралық студенттер спорты федерациясының барлық талабына сәйкес жасалынған.
Анықтамалық: Қазақстандағы қысқы Универсиада эстафетасы 2017 жылдың 25-ші қаңтарында бастау алады деп жоспарланған. Астана қаласында Универсиада алауы Назарбаев Университетінде жағылады. Қазақстандағы эстафета алауы бұрыңғыдан өзгерек. Бұған дейін, өзге елдерде өткен Универсиадаларда алау белгіленген бір жерде ғана жағылса, бұл жолы Қазақстандағы Универсиада алауы еліміздің әр аймағында бірдей жағылмақ.
Әр аймақтың студенттеріне алауды жағу бойынша өз нұсқаларын ойлап табуға мүмкіндік берілді. Еліміздің 16 аймағында жағылған алаулар, жарыстың ашылу кезінде Алматыда тоғысып, үлкен бір алауға айналады.
Универсиада алауын алып жүру бойынша конкурстік іріктеуге өтініш