АЛАУ ЭСТАФЕТАСЫ ДЕГЕНІМІЗ:

2017 жылғы Алматыдағы 28-Дүние жүзілік қысқы Универсиада Эстафетасы

ЭСТАФЕТА БАҒДАРЛАМАСЫ

Универсиада алауының туу рәсімінің басталуы

25 қаңтар 2017 ж. Астана қ. Назарбаев Университетінде.

Әр облыс орталығында жеке алаудың туу орын алып, Эстафетаның жеке кезеңі өткізіледі.

26 қаңтар – Петропавл, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Өскемен.

27 қаңтар – Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау.

28 қаңтар – Қызылорда, Тараз, Шымкент,Талдықорған.

29 қаңтар – Алматы қ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алаудың тууы.

Универсиада Алауының қорытынды тұтандырылуы 29 қаңтар 2017 жылы Алматы қаласындағы Ашылу салтанатында өткізіледі.

АЛАУ ЭСТАФЕТАСЫ ЖАЙЫНДА

2017 жылғы Алматыдағы 28-Дүние жүзілік қысқы Универсиада Эстафетасы – олимпиадалық қозғалыс тарихында теңдесі жоқ бірегей концепция. Универсиада алауының іргетасын Қазақстанның түкпір-түкпірінде туатын 16 от қалайды.

Алау Эстафетасы – Универсиаданың ең жарқын оқиғасына айналмақ. Эстафета жоба географиясын бір қала масштабынан бүкіл ел масштабына дейін кеңейтеді. Алау Қазақстанның 16 қаласына барып, жермен 200 астам километр және әуемен 2300 км жүріп өтеді.

Алауды тұтандырудың салтанатты рәсімі 25 қаңтарда Астана қаласында, Назарбаев Университетінде – Қазақстан Республикасының жоғары білімінің ұлттық брендінде.

26, 27 және 28 қаңтарда әр аймақта өз алау тұтанады. 14 облыста облыс орталығының қақ ортасын жарып өтетін Эстафетаның жеке  кезеңі өткізіледі. 29 қаңтарда аймақтардың озық студенттері Алауды Алматыға жеткізеді.

Ойындардың ашылу күнінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алдында Эстафетаның қорытынды Алматылық кезеңі басталады. Жоба мәресіне жаңа «Алматы Арена» мұз сарайында Ойындарды ашудың шарықтау шегінде жетеді. Аймақтардан келген 16 өкіл 16 Алауды қазақстандық студенттер қауымын білдіретін Универсиаданың бас ұясында біріктіреді.

Жобаға 17 мен 28 жас аралығындағы 1000 алаушы қатысады. Сонымен қатар, алаушылардың қатарына спорттың, мәдениеттің, ғылымның көрнекті қайраткерлері, FISU өкілдері қосылады.

Әр қалада алаушылар алауды әр 200 м сайын бір біріне бере отырып, аймақтардың көрікті жерлері мен ірі оқу орындарын қамтып, орталық көшелермен жүгіріп өтеді. Алауды спортта, ғылымда, мәдениетте жетістіктерге жеткен студенттер алып өтеді.

Алаушыларды таңдау 1 қыркүйекте басталды. Бірінші алаушы деп Рио-2016 Олимпиада Ойындарындағы спорттық жетістіктерін ескере отырып алматылық жүзуші Дмитрий Баландин аталды. Алаушыларды таңдау конкурсының қорытындылары 16 желтоқсанда жарияланады.

АЛАУ ЭСТАФЕТАСЫ ДЕГЕНІМІЗ:

ЭСТАФЕТА МАРШРУТЫ

Әр аймақта маршрут облыс орталығының көрікті жерлерін, білім беру орталықтарын және спорттық нысандарды қамтиды. От Эстафетасы маршрутын әзірлеу барысында  алаушылар мен көрермендердің қауіпсіздік факторлары және көлік жүрісін барынша аз бөгеу үшін жүрудің балама бағыттарын; жаяу жүргіншілер аумақтарын, өзен жағасын және  т.б. пайдалану мүмкіндіктері ескерілген.

Әр облыс орталығында және Астана қаласында маршрут 12 километрді құрайды. Алматыда – 20 км. Осылайша, әр алаушы ұзындығы 200 метр жолды жүріп өтуі тиіс.

Ел масштабтарында Эстафета маршруты аймақтық орталықтардан Алматы қаласына әуемен ұшуларды қамтиды. От Студентік Ойындар бас қаласына «Эйр Астана» компаниясының – Универсиада-2017 ресми тасымалдаушысының жолаушылар ұшақтарымен жеткізіледі.