05.01.2017

Қысқы Универсиаданың негізгі алауы 29-шы қаңтар күні жағылады

Қазақстанның эстафета шарасын ұйымдастыруда тәжірибесі бар. 2008 жылы Пекин Олимпиадасы алдындағы алаушылар шеруі Алматыда да ұйымдастырылды.

Ал 2011 жылы Қысқы Азия ойындары қарсаңында эстафета алауы жағылды. Оны алып жүру міндеті елге еңбегі сіңген азаматтарға беріледі. Байрағы желбірейтін Универсиада алаушылары үш кезеңді іріктеуден өтті. Олардың барлығы – жоғары оқу орындарының үздік шәкірттері. Алғашқы алаушының бірі – Рио Олимпиадасының жүлдегері Дмитрий Баландин.

Кирилл Пяртель, ХХVIII Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада эстафета алауы бөлімінің басшысы 

-Дмитрий Баландин – эстафета алауын алып жүруге лайық спортшы. Ол Рио Олимпидасында қазақ елі тарихындағы суда жүзу спортынан тұңғыш алтын медаль жеңіп алды. Қай жағынан алып қарасақ та болады. Ол – спортшы, сонымен қатар студент және Алматы қаласының тумасы.

Бекітілген жоспарға сай ел аймақтарында эстафета алауы жағылып, Универсиада өтетін Алматы қаласында тоғыстырылады. Халықаралық жарыс үшін 140 факел дайындалыпты. Ұлттық нақышпен көмкеріліп, Универсиада бойтұмары бейнеленген факел арнайы тапсырыспен Австралияда жасалған. «Құрылғы халықаралық талапқа сай», – дейді Универсиада дирекциясының басшысы.

Наиль Нуров, ХХVIII Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада дирекциясының директоры  -17 мен 20 жас аралығындағы жастарымыздың өзге елдерден келген спортшылармен тәжірибе алмасып, тіл табысқаны біз үшін өте маңызды. Осы дода арқылы әлем біздің студенттердің, спортшылардың білімді және шет тілін еркін меңгергенін біледі.

Айта кетейік, эстафета алауы байрақты бәсекеге дейін бернеше рет сынақтан өтті. Алаушылар факелды алып жүру және бір-біріне табыстау рәсімдерін да пысықтады. Ал Қысқы Универсиаданың негізгі алауы 29-шы қаңтар күні жағылады.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Кенже Амраев

Источник: http://khabar.kz/