03.12.2016

«Вираж» автомобиль холдингі 2017 жылғы Универсиаданың ресми серіктесі атанды

«Вираж» автомобиль холдингі 2017 жылғы Универсиаданың ресми серіктесі атандыАлматыда «Вираж» автомобильді холдингі мен 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім-шарт бойынша, «Вираж» 2017 жылғы Универсиада қонақтары мен қатысушыларын тасымалдау қызметін көрсетеді.

Келісім-шартқа 2017 жылғы Универсиада дирекциясының басшысы Наиль Нуров пен «Вираж» компаниясының бас директоры Владимир Котельников қол қойды.

«Вираж» компаниясы Қазақстан бойынша Эстафета Алауы автотізбегін құрауға 60-тан астам көлік құралдарын береді. Компанияның автокөліктері Универсиада бейнелемесімен безендіріледі.

«Вираж» автомобиль холдингі 2017 жылғы Универсиаданың ресми серіктесі атанды

«Вираж» автохолдингінің директоры Владимир Котельников ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берілгеніне алғысын жеткізді.

«Вираж компаниясы өзіне сенім білдіріп, Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға серіктес болуға берілген мүмкіншілік үшін Ойындарды ұйымдастыру комитетіне ризашылығын білдіреді. Біз бұндай мәртебелі спорттық жарыстың абыроймен өтуіне өз үлесімізді қосып, елімізге қолдау көрсететінімізді мақтан тұтамыз»,- деді Владимир Котельников.

Анықтама:

«Вираж» автомобиль холдингі коммерциялық көліктер мен арнайы теникаларды сату жөнінен қазақстандық нарықта көшбасшы болып есептеледі. Аталған сегментте 60% нарықты қамтыса, автобомильді нарықта 6 % құрайды. «Вираж» Қазақстандағы ГАЗ автомобильдерінің эклюзивті дилері болып табылады. Холдингтің бір бөлігі «СемАЗ» компаниясы. Бүгінгі таңда заводтың базасында ГАЗ автобоильдері мен «ГАЗель Next Citiline» құрастырылады.

Автомобильдер туралы толық ақпараттарды, мекен-жай мен бөлімшелер нөмірлерін, акциялар мен холдинг жаңалықтарын www.virazh.kz сайтынан біле аласыздар. «Вираж» автосалонының бас офисі Алматы қ, Райымбек даңғылында орналасқан. Байланыс телефондары: +7 (727) 356-02-48, +7 (727) 356-48-38.