ЭСТАФЕТА БЕЛГІЛЕРІ







Факел Эстафета Огня Зимней Универсиады в Алматы

ЭСТАФЕТА АЛАУЫ

Алау –  Оттың түрлі ауа-райы жағдайында ұзақ және қарқынды жануын қамтамасыз ете алатын жылжымалы құрылғы. Сап қозғалысы барысында От алаумен бір алаушыдан екіншісіне беріліп отырады.

Универсиада алауының басты артықшылығы болып қарапайым сыртқы түрі мен жетік техникалық құрамы табылады. Өндірушілері – FTC Flame австралиялық компаниясы алаудың кез келген климаттық жағдайларда тұрақты және жарық жануын кепілдейді.

FTC Flame Олимпиада Ойындарының техникалық сүйемелдеуін 2000 жылдан бастап жүзеге асыруда, 2013 жылы Ойындар от ұясын Қазандағы Универсиадаға жеткізіп, 2014 жылы Сочидегі Олимпиада ойындары және Бакудағы Европалық ойындар үшін от элементтерін әзірледі. Оның тәжірибесі – алаулардың сапасы мен сенімділігінің кепілі.

Универсиада Дирекциясы сапалы, жеңіл,  төмен температуралар жағдайларында тұрақты жұмыс істейтін, жарқын ал қызыл түсті жарық тұрақты және қауіпсіз жалын  беретін сапалы, жеңіл алауларды таңдауды ұйғарды.

  • Алаудың таза салмағы: 1,25 кг
  • Биіктігі: 660 мм
  • Жану ұзақтығы: 15 минут
Колба для транспортировки Огня

ТАСЫМАЛДАУ ЫДЫСЫ

Құрылғы отты тасымалдауға, жеткізуге, орын ауыстыруға және сақтауға арналған. 

Тасымалдау ыдысының айрықша сипаты болып қауіпсіздігі, пайдалану сенімділігі және Отты ұзақ уақыт және кез келген ауа райы жағдайында сақталуына қол жеткізу мүмкіндігін беретін технологиялық шешімдері табылады. Құырлығы келесі артықшылықтарға ие: пайдалану қарапайымдылығы, аса сенімділігі және барынша ыңғайлылығы.

Осы модификация – Олимпиада Отын Грециядан От Эстафетасын өткізу орнына дейін тасымалдау үшін дәстүрлі пайдаланылатын классикалық құрылғы. Ұқсас ыдыстарда Лондондағы, Сочидегі, Риодегі Олимпиада ойындарының Оты жеткізілген.

Тура осындай ыдыстарда От әріптес банк қоймасында бүкіл Универсиада барысында сақталатын болады. Алау немесе Ойындардың басты ұясы сөніп қалған жағдайда От нақты аналық от сақталып тұрған ыдыстан жандандырылатын болады.

Тасымалдау ыдысының негізі – атақты Дэви шамшырағы  – шағын саңылаулы мыс тор жалынның шамшырағы ішінен шахта атмосферасына жайылуын болдырмайтын шахтерлердің қауіпсіз шамшырағы. Шамшырақтарды өндіруші компания 1860 жылы Эван Томаспен Уэльстің оңтүстігінде құрылып, әлі күнге дейін жұмыс істейді.

ҚАЛАЛЫҚ ОТ ҰЯСЫ

Эстафетаның негізгі оқиғаларының бірі болып Отты өту маршруты бойындағы қалаларда марапаттау табылады. Әр облыс орталығындағы мерекелік шараның шырқау шегі болып Оттың тууы мен От ұясын тұтандыру болмақ. Ол мыңдаған қала тұрғынын жинайтын жарқын шара.

Қалалық От ұясы Универсиаданың фирмалық стилінде орындалған. Бейнебір қанаттар ұяның тұғыры болып табылады. Конструкция хай-тек стилінде орындалған және 29 қаңтарда Универсиаданың ашылу салтанаты өтетін  «Алматы Арена» мұз стадионының жанында орнатылған Ойындардың бас От Ұясының дизайнын толықтай қайталайды. Нақты сол бас От Ұясында бүкіл Универсиада барысында, 29 қаңтардан 8 ақпанға дейін будет Ойындар Оты жанып тұрмақ.

АЛАУГЕР

Эстафетаға 17 мен 28 жас аралығындағы 1000 алаушы қатысады. Сонымен қатар, алаушылардың қатарына спорттың, мәдениеттің, ғылымның көрнекті қайраткерлері, FISU өкілдері қосылады.

Таңдау конкурсына қатысудың басты шарты  –Эстафетаны өткізу мезетінде алаушы аймақтың кез келген оқыту түріндегі жоғарғы оқу орнының студенті болып табылуы тиіс.

Факелоносец и Чаша Эстафеты Огня

Оған қоса, елдің әр жоғарғы оқу орнына нәтижесі болып он озық студенттерден тұратын тізімді қалыптастыру табылатын жеке іріктеуді таңдау ұсынылды. Барлық оқу орындарының тізімін саралап шығып, әр қаланың Ректорлар кеңесі ең лайықтыларын таңдап, шешімін қабылдайды. Өлшемдері қарапайым: белсенді өмірлік көзқарас, спорттағы, ғылымдағы жетістіктер. Эстафетаның әр қатысушысының жеңіске жетер жолының өз тарихы болуы тиіс. Қазақстандықтар ғана емес, Ғаламшарымыздың миллиардтаған тұрғыны қызыға тыңдайтын тарихы –Универсиаданың теледидарлық аудиториясы міне осындай болмақ.

Таңдау өлшемдеріне сай әр үміткер От Эстафетасының ресми сайтында орналастырылған конкурсқа қатысу өтінімі қалыбын өз бетімен толтыра алады. Қатысу бойынша шешімдер аймақтық таңдау комиссияларымен қабылданады. Конкурс қорытындылары 16 желтоқсан 2016 жылы жарияланады. Алаушылар тізімдері Универсиада сайтында қол жетімді болады.

Аймақтардың топжарған 16 өкілі қорытынды кезең алаушылары болып, Ойындарды ашудың салтанатты рәсімінде Универсиада Отының туу рәсіміне қатысады.

Дайындаманы әзірлеу – қалалар бойынша 16 ішкі тарау. Әр қайсысында жетістіктерінің сипаттамасы берілген 60 адам тізімі. Алаушылардың тізімі 16 желтоқсан 2016 жылы жарияланады.

АЛАУГЕР КИIМI